Қазақстанның бас мүфтиі қандай екпе алды?

cover Фото: ummet.kz

Қазақстанның бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы коронавирусқа қарсы вакцина салдырды.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы отандық QazVac екпесінің бірінші компонентін алды. Ол «шариғатта екпе салуға тыйым салынбаған» дейді. Бас мүфти халықты сақтануға шақырды.

– «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дейді. Жалпы ислам шариғатында зәру жағдайда екпе салдыруға рұқсат етеді. Алла Тағала Құранда айтады, «өз қолдарыңызбен өз денсаулықтарыңызға қиянат жасамаңыздар». Пайғамбарымыздың хадисі бар. «Әрбір дертті Алла тағала оның шипасымен қоса жаратқан», дейді. Індеттің алдын алу үшін денсаулық сақтау мамандары екпе жасату керек деп жатыр. Мен де өз амандығым үшін, елдің амандығы үшін Алланың қалауымен екпе қабылдадым, - деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар