Қазақстаннан Түркияға ұшатын рейстер саны екі есеге қысқарады

cover

26 сәуірден бастап Қазақстан мен Түркия арасындағы рейстер саны екі есеге қысқарады, деп хабарлады Orda.kz.

– Ведомствоаралық комиссияның 2021 жылғы 14 сәуірдегі хаттамасына сәйкес, Қазақстан мен Түркия арасындағы рейстердің жалпы саны аптасына 20-дан тоғыз рейске дейін қысқарады, - деп мәлімдеді ҚР Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі.

26 сәуірге дейін елдер арасында аптасына 20 рейс жеті бағыт бойынша орындалады:

  • Нұр-Сұлтан - Стамбул – 2 рейс
  • Нұр-Сұлтан - Анталия – 1 рейс
  • Алматы - Стамбул – 7 рейс
  • Алматы - Анталия – 5 рейс
  • Түркістан - Стамбул – 2 рейс
  • Ақтау - Стамбул -1 рейс
  • Шымкент - Стамбул – 2 рейс

26 сәуірден бастап келесі бағыттар қалады:

  • Нұр-Сұлтан - Стамбул – 2 рейс
  • Алматы - Стамбул – 3 рейс
  • Алматы - Анталия – 2 рейс
  • Түркістан - Стамбул – 1 рейс
  • Шымкент - Стамбул – 1 рейс

Ұшу күндерін әуе компанияларының веб-сайттарынан табуға болады.

Шектеу шаралары қашанға дейін болатыны белгісіз, барлығы Түркиядағы эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына байланысты.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар