Қазақстандықтардың орташа жалақысы 10 пайызға артты

cover

Қазақстандықтардың орташа табысы 2021 жылдың бірінші тоқсанында 196,5 мың теңге болды.

Бұл туралы Orda.kz Ranking.kz-ке сілтеме жасап хабарлады.

Өткен жылмен салыстырғанда қазақстандықтардың табысы 10,8 пайызға артқан.

Көп табысты Нұр-Сұлтан (275,9 мың теңге) мен Алматы (246,8 мың теңге) тұрғындары табады. Сондай-ақ, көшбастап тұрған үштікке Қарағанды (246 мың теңге) кірді.

Ал ең төменгі табыс көзі Түркістан облысында тіркелді – 121,8 мың теңге. Ол басқа өңірлерден 20 пайызға аз.

  • Еңбек қызметіндегілер – 136,5 мың теңге;
  • Жалдамалы жұмыстағылар – 119,1 мың теңге теңге;
  • Өзін-өзі жұмыспен қамтыған кәсіпкерлер – 17,4 мың теңге табысын тіркеді.

Әлеуметтік трансферттер кірістің 30 пайызын құрады. Оның 43,7 мың теңгесі зейнетақыға, ал жәрдемақылар, шәкірақылар, АӘК және тұрғын үй көмегіне 9,1 мың теңге кетті.

Кірістің қалған бөлігі 7,2 мың теңгені құрады.

Сонымен қатар, ауыл тұрғындарының жалақысы артқан. Қала және ауыл тұрғындарының кірістерінің айырмашылығы 40,4 пайыздан 37,7 пайызға төмендеген.

Қала тұрғындарының табысы 9,9 пайызға (221,3 мың теңгеге) артқан. Ал ауыл тұрғындарының жалақысы 12,1 пайызға (160,6 мың теңгеге) көбейген.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар