Қазақстандықтар демалыс күндері қайда бара алады

cover

Нұр-Сұлтанның бас санитар дәрігерінің орынбасары Жанна Пірәлиева брифингте Ashyq қосымшасында «көк» статус  шығатын адамдарға қайда кіре алатындығы туралы айтты.

— Облысаралық, облысішілік тұрақты тасымалға, қонақ үйлерге, мейманханаларға, әуежайларға, теміржол вокзалдарына, жоғары оқу орындарына, білім беру мекемелеріне, колледждерге, интернаттар мен білім беру ұйымдарының жатақханаларына «жасыл» статус болуы керек деген талап қойылмайды, - деді Пірәлиева брифингте.

Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов жаңа қаулыға қол қойды. Ол бойынша  демалыс күндері қызметкерлері Ashyq қосымшасында «жасыл» мәртебеге ие мекемелерге ғана жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

Сондай-ақ  дәмханалар мен сауда ойын-сауық орталықтарына да «жасыл» статусы бар азаматтар ғана кіргізіледі.

Қазақстанда өткен тәуліктегі эпидемиологиялық жағдай бойынша ПТР арқылы 6 233 адам коронавируспен ауырғаны расталғандығын еске саламыз. Еліміз бойынша көрсеткіште науқастардың көбі Алматы қаласынан екені  анықталды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар