Қазақстандық көліктер электронды паспорт ала бастады

cover

2021 жылдың 1 сәуірінен бастап «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі, Цифрлық даму, инновация, аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп «Көлік құралдарының электрондық паспорты» ұлттық жүйесін іске қосты.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

– Электрондық құжат иесінің қалауы бойынша тіркелген автомобильдер үшін жаңа және импортталған автомобильдерге беріледі. Көлік құралдары туралы мәліметтерді цифрландыру оның өмірлік циклін тек біздің елде ғана емес, сонымен қатар Еуразиялық экономикалық одақ аумағында бақылауға мүмкіндік береді, - деп хабарлады ҰАТ.

Электрондық паспорттарда көлік құралының техникалық сипаттамасы, иесі туралы, тіркеу әрекеттері туралы, шектеулер туралы, сынықтар үшін төлемдер туралы, кедендік шектеулер мен кедендік рәсімдеу туралы, жол-көлік оқиғалары туралы ақпарат болады.

«ҰАТ» АҚ басқарма төрағасы Ростислав Коняшкиннің айтуынша, цифрлық құжат көлік құралдарын сату кезіндегі алаяқтық фактілерді азайтуға мүмкіндік береді. Осылайша, мәміленің қауіпсіздігі мен ашықтығы қолданыстағы және болашақтағы автомобиль иелері үшін қамтамасыз етіледі.

– ЕАЭО-ның орталық базасындағы тексеруге байланысты қайталанатын вин-кодтарын анықтауға мүмкіндік туады, бұл тұрғындарды проблемалы автокөліктер сатып алудан сақтандырады, - деді Коняшкин.

Көлік құралы туралы сенімді ақпараттың болуы ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің бүкіл аумағында автокөлік иелері үшін автокөлік сатуды немесе сатып алуды қауіпсіз етеді.

Жоба ЕАЭО елдері қол қойған көлік құралдары төлқұжаттарының бірыңғай нысандарын енгізу туралы келісімді іске асыру шеңберінде жүзеге асырылды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар