Қазақстандағы министрлер кабинеті «жасарды»

cover Коллаж: Orda.kz

Үкіметтің жаңа құрамы бекітілгеннен кейін қазақстандық министрлердің орташа жасы 48,9 жасты (бір жыл бұрын – 48 жас) құрады. Ranking.kz министрлердің жасына қарай салыстырмалы талдау жасады.

Ішкі істер министрлігін – Тұрғымбаев Ерлан Заманбекұлы басқарады (59 жаста).

Министр ңңбек жолын 1984 жылы Қарағанды ​​облысы Саранск қалалық атқару комитеті ішкі істер басқармасының қылмыстық іздестіру бөлімінің жедел уәкілі болып бастады.

Жасы үлкен министрлердің қатарында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Айтбайұлы Өскенбаевты (57 жаста) және Қорғаныс министрі Мұрат Кәрібайұлы Бектановты (56 жаста) атап өтуге болады.

Еліміздің ең жас министрі тағы да Ұлттық экономика министрлігін басқарды – Әлібек Сәкенұлы (38 жаста).

Ең жас үштікке ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Батырбекұлы Мусин (38 жаста) және Білім және ғылым министрі Асхат Қанатұлы Аймағамбетов (39 жаста) кірді.

Салыстыру үшін ЕАЭО елдерінде министрлердің орташа жасы келесідей:

Ресейде — 53,6

Беларусьте – 51,2

Қырғызстанда – 50,7

Арменияда – 45,7

Жалпы, ЕАЭО елдерінің барлық министрлерінің орташа жасы шамамен 50 жасты құрайды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар