Қазақстандағы католиктер Пасхаға дайындалуда

cover

Қазақстанда Католик Пасхасына қолайлы эпидемиологиялық жағдай байқалатын аймақтарда ғана храмдар ашылады. 2021 жылы мереке 4 сәуірге келеді.

Монсеньор Петр Пытлова атап өткендей, Пасха сенушілер үшін ең басты мереке болып табылады. Сондықтан шіркеу Қазақстандағы храмдардың бір бөлігінің ашық болуына мүдделі.

— Қазақстан облыстарындағы жағдай басқаша. Бірақ азаматтардың физикалық және рухани денсаулығы үшін жауапкершілікті сезіне отырып, мерекені жеке және онлайн өткізу жоспарлануда. Мүмкіндігінше шіркеулер келушілер үшін ашық болады. Ғибадатхананың сыртындағы рәсімдерге келетін болсақ, олар қолайлы ауа-райында және әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып жүргізілуі мүмкін. Мысалы, «қызыл» аймаққа жататын аумақтарда храмдар жабылады. Өткен жылдағыдай, барлық қызметтер онлайн режимде көрсетіледі, - деді Петр Пытлова.

Ол католиктерге жергілікті ғибадатханалардың жұмыс кестесі туралы ақпаратты алдын-ала білуге кеңес берді.

Ғибадат хабарларын католик шіркеуінің веб-сайтында алуға болады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар