Қазақстанда коронавируспен күреске тағы 265 млрд бөлінеді

cover

2021 жылы Қазақстан үкіметі коронавируспен күресу үшін тағы 265 млрд теңге бөледі. Мұндай шығындар республикалық бюджеттің нақтыланған жобасына енгізілген, деп хабарлады Orda.kz.

Барлығы нақтыланған бюджет жобасында шығыстар 1,3 трлн теңгеге ұлғайтылды және 15,3 трлн теңгені құрайды. Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша, бұл қаражат «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасы мен Мемлекет басшысының стратегиялық бастамалары мен тапсырмаларына бағытталған. Эпидемиологиялық шараларға қосымша 265 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде 70 млрд теңге - карантиндік шараларға қатысқан медицина қызметкерлеріне қосымша төлемдер үшін және 80 млрд теңге - медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде медициналық қызметтерге ақы төлеу үшін.

Оның үстіне:

  • Әлеуметтік саланы қолдауға, құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге - 182 млрд теңге;
  • Жұмыспен қамтудың жол картасы және Еңбек мемлекеттік бағдарламаларын, сондай-ақ «Ауыл - ел бесігі» жобасын іске асыруға - 177 млрд теңге;
  • Ауыл шаруашылығын және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамытуға - 143 млрд теңге;
  • Республикалық және жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын салу, қайта жаңарту, жөндеу және күтіп ұстауға - 140 млрд теңге;
  • ШОБ-ты қолдауға - 64 млрд теңге бөлінді.

– Мемлекет басшысының басым тапсырмаларын қаржыландыруға 154 млрд теңге қарастырылған. Қосымша бюджеттік шығыстардың жалпы көлемінде аймақтарға трансферттер 539 млрд теңгені құрайды, - деп толықтырды Жамаубаев.

Нәтижесінде, Қаржы министрлігінің басшысы қосымша қаражат экономиканы ынталандыруға және азаматтардың әл-ауқатын арттыруға негіз болады деп санайды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар