Автокөлік үшін зиянды шығарындылар айыппұлы көбейді

cover

1 маусымнан бастап Қазақстанда атмосфераға зиянды заттар шығаратын автокөлікпен жүруге айыппұл мөлшері көбейді.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

«ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы экологиялық мәселелер бойынша кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға енгізілген өзгертулерге сәйкес, енді пайдаланылған газдар мен шу деңгейінің нормаларын асырғаны үшін автокөлік иелері 10 АЕК (29 170 теңге), заңды тұлғалар - 100 АЕК (291 700 теңге) төлеуі керек.

Егер бір жыл ішінде көлік иесі тағы ұсталса, айыппұл мөлшері екі есеге артады.

Бұған дейін шығарындылардағы ластаушы заттардың нормативтерін асырғаны үшін тек 2 АЕК төленді, ал автомобильдер шығаратын шу деңгейі мүлдем айыппұлдарға жатпады.

Яғни, айыппұлдардың мөлшері бес есеге дейін өсті.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар