Қазақстан Қырғызстанға әскери техника береді

cover

ҚР Қорғаныс министрлігі «Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы Орталық Азия аумағындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге әскери-техникалық көмек көрсету туралы келісімге қол қою туралы» үкімет қаулысының жобасын дайындады.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

«Орталық Азия аймағының қауіпсіздігі мен қорғаныс әлеуетін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Қырғызстанға әскери мүлікті өтеусіз беру түрінде әскери-техникалық көмек көрсетеді. Құжатта әскери мүліктің атауы мен көлемі тараптардың уәкілетті органдары дипломатиялық арналар арқылы екі ай ішінде келісіледі» делінген құжатта.

Әзірге қандай әскери техниканың қандай сомамен берілетіні белгісіз.

Қырғызстан Қазақстаннан алған әскери техниканы тек келісімде көрсетілген мақсатта ғана қолдана алады. Оны үшінші жаққа бермейді және ТМД елдеріне қарсы қолданбайды.

Қазақстан әскери техниканы Қырғыстанның Қой-Таш ауылына дейін көлікпен өз қаражаты есебінен жеткізеді. Оған ҚР Қорғаныс министрлігі қарастырған қаражат жұмсалады.

Келісім жобасы 5 қарашаға дейін қоғамдық талқылауға қойылды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар