«Қазақстан дауысы» байқауының жеңімпазы анықталды

cover

«Қазақстан дауысының» финалындағы бас жүлде – бес миллион теңгеге төрт қатысушы үміткер болды.

Құралай Мейрамбек ұлттық телевидение тарихындағы ең ірі вокалдық байқаулардың бірі – «TheVoice» — «Qazaqstan дауысы» шоуының жеңімпазы атанды.

«Дауыс» жобасындағы Сәкен Майғазиевтің баптауындағы Құралай Мейрамбек музыкалық жобаның жеңімпазы атанып, бес миллион теңге ұтып алды» делінген Instagram парақшасында.

«TheVoice» — «Qazaqstan дауысы»  шоуы 4 айдың ішінде еліміздегі барлық БАҚ рейтингінде көш бастады. Қорытынды концертті «Қазақстан» ұлттық арнасы тікелей эфирде көрсетті.

Финалда төрт қатысушы бас жүлде – бес миллион теңгені сарапқа салды, олардың әрқайсысының жеке музыкалық жетекшісі бар: Майра Мұхамедқызы мен оның тәліміндегі  Ернар Амандық, Құралай Мейрамбек пен Сәкен Майғазиева, Маржан Арапбаева және Аружан Айдарбек, сонымен қатар ALEM тобының атынан өнер көрсеткен - Ерік Төленов.

«Қазақстан дауысы» жобасы – 2010 жылы Нидерландыда алғаш рет жасалған танымал «TheVoice» жобасының қазақша нұсқасы. Қазіргі уақытта «TheVoice» әлемнің 100-ден астам елінде ұсынылған, ол барлық жерде рекордтық танымалдылық пен жоғары рейтингтерге ие. Жобаның ерекшелігі - орындаушыларды «көрмей» таңдау, топтарға бөлу, олардың әрқайсысында атақты және танымал орындаушы жетекшілік етеді.

Танымал телешоудың қазақша нұсқасы «BestoftheVoice» әлемдік рейтингке енді. «Qazaqstan Dauysy» жобасының қатысушылары орындаған әндер YouTube-тегі ресми арнада 37 миллионнан астам қаралым жинады. Биыл жобаға қатысуға 6 мыңнан астам адам өтініш білдірген.

Карантиндік шектеулерге байланысты кейбір өтініштер ұлттық телеарнаның ресми сайты – www.qazaqstan.tv арқылы, ал кейбіреулері өңірлік іріктеу кезінде қабылданды. Биыл байқауға қатысуға ниет білдіргендердің саны рекордтық көрсеткішке жетті. Алдын ала іріктеуден кейін комиссия 200-ге жуық қатысушыны байқаудың бірінші кезеңіне шақырды. Жоба халықаралық мәртебеге ие: Украина, Қырғызстан, Грузия және Қытайдан келген орындаушылар байқаудың әртүрлі кезеңдеріне қатысты.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар