«Қазақфильм» Қазақ хандығы тарихын баяндайтын фильм түсіруді қолға алды

cover

«Қазақфильм» киностудиясы режиссер Ақан Сатаев түсірген «Ұлы дала таңы» атты толықметражды тарихи көркем фильмнің түсірілімін бастады, деп хабарлайды студияның Instagram желісі.

Түсірілім жұмыстары Алматы облысының Жаркент ауданында, Көктал ауылының маңында жүргізілуде.

– Уақытша күннің суытуы - суық мезгілді, қыс мезгіліндегі табиғатты түсіруге мүмкіндік берді. Өндіріс кестесіне сәйкес, екі күннен кейін топ түсірілім жұмыстарын жалғастыру үшін Кеген ауылының маңына көшеді, - деп хабарлады «Қазақфильм».

Фильм ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша түсіріліп жатыр.

Фильмде Қазақ хандығын Қасым хан басқарған дәуір баяндалады. Дәл осы жылдары мемлекет өркендеп, Шығыс Дешті-Қыпшақтың ауқымды аумағына бақылау орнатты. Содан кейін қазақтар өз жерлерінен тысқары аймақтарда тәуелсіз этникалық қауымдастық ретінде танымал болды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар