Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері сайланды

cover

Талдықорғанда ҚР Мәдениет және спорт министрінің басшылығымен Қазақстанның жеке-командалық чемпионаты аясында жаттықтырушылар Кеңесінің отырысы өтті.

Бұл туралы  Orda.kzҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Отырыс барысында Кеңестің басым көпшілік даусымен Дәурен Бекмұханбетов ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері болып тағайындалды. А.Райымқұлова отырысқа қатысқан жаттықтырушыларға қазақстандық спорттың дамуына баға жетпес үлес қосқаны үшін ризашылығын білдірді.

 Министр отырыс барысында спорттағы әділетсіздік туралы өтініштердің ұлғаюына және оларды растайтын фактілерді анықтауға байланысты еркін стильдегі танымал қазақстандық палуан, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, Сидней Олимпиадасының (2000) күміс жүлдегері Ислам Байрамуковты спорт бойынша омбудсмен етіп тағайындау туралы шешім қабылдағандығын айтты.

Қоғамды дамытудағы және әлемдік қоғамдастықтағы елдің имиджін нығайтудағы басым бағыттардың бірі -спорт. Жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясаттың арқасында Қазақстанда дене шынықтыру мен спортты дамыту, спорттық инфрақұрылымды жаңарту және салу, балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту, спортпен және дене шынықтырумен айналысатындардың санын арттыру, сондай-ақ салауатты өмір салтына тарту үшін көптеген игі істер атқарылып жатыр.




Жаңалықтар

барлық жаңалықтар