Ауылдағы дәрігерлердің жалақысы 10 есе өседі

cover

Ауылға көшуге дайын дәрігерлерге шамамен үш млн теңге төленеді, сонымен қатар олар баспанамен қамтамасыз етіледі.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой 2023 жылға қарай министрлік ауылдық жерлерде медицина қызметкерлерінің жетіспеушілігі мәселесін шешуді жоспарлап отырғанын айтты. Министрлік ауыл тұрғындарын жалпы тәжірибелі дәрігерлерімен және қажетті мамандармен қамтамасыз етуге ниетті.

Бүгінгі күні ауылдық денсаулық сақтау саласында 14 804 дәрігер жұмыс істейді. Салынып жатқан нысандарды ескере отырып, тағы 3 104 маман тарту қажет. Ауылға баруға дайын дәрігерлерге 2 917 000 теңгеге дейін айлық есептеледі.

Сондай-ақ, ауылға көшіп келген дәрігер тұрғын үймен қамтамасыз етіледі. Жалақыны біртіндеп 2,5 есеге дейін көтеріп, экономика бойынша орташа деңгейге жеткізу жоспарда бар.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар