Ауыл тұрғындары өз құқығымен «Кеңес» қызметі арқылы таныса алады

cover FireSEO

Сервистік консультанттар өз бизнес жобасын іске асырғысы келетін немесе жеңілдіктерді пайдаланғысы келетіндерге қажетті ақпарат ұсынады.

Бұл туралы Orda.kz Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Ауыл тұрғындары өздерінің әлеуметтік, экономикалық, азаматтық, саяси, мәдени құқықтары мен бостандықтары туралы көбірек білгілері келсе, кеңес ала алады. Егер ауыл тұрғындары олардың құқықтары бұзылып жатыр деп санаса немесе жеңілдіктерді пайдаланғысы келсе, «Кеңес» қызметіне жүгіне алады.

Кеңес беру қызметі жұмысын Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қатысуымен Trinta Foundation қоры ұсынады.

Сіз өтініш немесе сұрақ жібере аласыз:

«Кеңес» мобильді қосымшасын әзірлеу жоспарда бар.

– Аймақтық кеңес беру желісі құрылады, олар мақсатты аудиториямен өзара әрекеттесу тәжірибесін жинайды, құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында халықпен жұмыс жасаудағы тәжрибе дағдыларын жетілдіреді, - деді Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы.

Жоба ұйымдастырушылары ауыл тұрғындарымен жұмыс істеуде қандай кедергілер бар екенін түсіну үшін талдау жүргізеді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар