Ауқым жинау немесе құрмет: «Интер» қазақ тілінде жазба жариялады
Фото: canalplus
Миландық «Интер» клубы өзінің Instagram парақшасында қазақша ән мен қазақ тілінде жазба жариялап, көрерменнің қызығушылығын тудырды, деп хабарлайды Orda.kz.
Алматының «Қайрат» футбол клубы Чемпиондар лигасында миландық «Интер» командасына қарсы ойнайды. Матч 5 қарашадан 6 қарашаға қараған түні өтеді. Осыған орай «Интер» Instagram парақшасына әнші BayanSulu орындауындағы «Aua rai» әні естілетін пост жариялап, қазақша жазба қалдырған.
Жазбада кезінде «Интер» үшін өнер көрсеткен, қазіргі уақытта «Атлетико Мадрид» бас бапкері Диего Симеоненің жас кезіндегі «Миланға» салған голы көрсетілген.
«Simeone derbide naqtylyq pen qabiletke toly gól soqty. Osyndai kontent úshin follaı bas(Симеоне дербиде нақтылық пен қабілетке толы гол соқты. Осындай контент үшін — «follow» бас)» деп жазылған «Интер» парақшасындағы жазбада.
Постың астына қазақстандық қолданушылар әртүрлі пікір қалдырған. Бірі: «Бауырсақ-пицца бір туған» деп жазса, бірі: «Бәрі біледі: қазақтармен белсенділік арттыру оңай, Трамптан көрген ғой» деп жазған.
Еске сала кетейік, бұған дейін Orda.kz жасанды интеллекттің әлеуметтік желідегі жазбаларды әдетте неліктен қате аударатынын талдап жазған еді.
Жаңалықтар
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен
- Польшада жоғалған қазақстандық әйелдің мәйіті табылды
- Билік Қазақстан экономикасына 22,7 трлн инвестиция құйылғанын айтты
- Арыс ауданында жоқ малға субсидия алған әйел сотталды
- Иран Дубайдағы халықаралық қаржы орталығына шабуыл жасады
- Марқұм Әли Хаменейдің әйелі тірі
- Иран СІМ: Ормуз бұғазына мина қойып жатқан жоқпыз
- Астанада алғаш рет семсерлесуден Әлем кубогінің кезеңі өтеді
- Иранның жаңа көшбасшысы үндеу жасады: Иран кек алмай қоймайды
- 13 наурызда барлық өңірде күн жылы болады
- БҚО-да мемлекеттік мекеменің есепшісі бюджет қаражатын бәске тігіп жіберген
- Атырау облысындағы Қарабатан полигонында сарбаз қаза тапты
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен