Әуе апаты: Әзірбайжан мен Ресей тергеуге қосылуға өтініш білдірді

cover Фото: jetphotos.com

Ақтауда болған ұшақ апатының себептері жайлы түрлі болжамдар айтылуда. Әлеуметтік желілерде тараған видеоларда Embraer әуе кемесінің сыртындағы зақымдар ракеталық соққы іздеріне ұқсайтыны көрсетілген, деп хабарлайды Orda.kz.

Бұл жағдай кездейсоқ па, әлде әдейі жасалған ба? Тергеудегі Orda.kz дереккөзі ракета соққысы болуы мүмкін деген нұсқаның қарастырылып жатқанын растады.

«Әзірбайжан мен Ресей тергеу тобына қосылуға ресми өтініш жасады. Бірақ Қазақстан бұл өтінішті қабылдамады. Осылайша, қара жәшік пен барлық дәлелдер біздің бақылауымызда қалады», — деді дереккөз.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар