Атырау облысында түйелер жаппай қырылып жатыр
Фото: Pixabay.com
Атырау облысының Құрманғазы ауданындағы бірнеше ауылдық округте соңғы екі айда түйелер жаппай қырылып жатыр, деп хабарлайды Orda.kz.
Атырау облысының Құрманғазы ауданындағы мал дәрігерлерінің мәліметінше, 200-дей түйе ауырған. Оның 84-і өлген, 73-і ауруынан айыққан. Ал 47-сі әлі де бақылауда екен.
Жергілікті тұрғындар жағдайға алаңдап отыр. Өйткені былтыр да осылай түйелер жаппай қырылған.
«Екінші жыл қатарынан осындай жағдаймен бетпе-бет келдік. Биыл бізде жеті түйе, оның ішінде бес аналық және екі бота өліп қалды. Малдар қырылып жатыр, бірақ не себеп болғанын ешкім білмей отыр. Біз бұл инфекция немесе басқа нәрсе екенін түсінбей отырмыз. Ауру себебін анықтап, шұғыл шаралар қабылдау қажет», — деді ауыл тұрғыны.
Аудан әкімдігінің хабарлауынша, түйелердің қырылу себебін анықтау үшін ветеринарлық қызмет мамандары жұмыс істеп жатыр.
«Сібір жарасы, лептоспироз, бруцеллез, пастереллез, хламидиоз, листериоз, сальмонеллез және блютанг сияқты қауіпті ауруларға талдау жасалды. Ұлттық ветеринария референттік 2 2025 жылғы 30 маусымдағы қорытындысына сәйкес аталған қоздырғыштардың ешқайсысы анықталған жоқ», деп хабарлады аудан әкімдігі.
Жергілікті билік ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінен бұл мәселеге зерттеу жүргізу үшін ғылыми-зерттеу институттарының мамандарын өңірге жіберуді сұрады.
Айта кетейік, былтыр желтоқсанда Атырау облысындағы «Дина» базарында ет сататын орыннан сібір жарасы табылған еді.
Жаңалықтар
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды
- Көкпардан әлем чемпионаты 15–21 наурыз аралығында Түркістанда өтеді
- Қазақстан өз азаматтарын эвакуациялай бастады: Шиеленіс аймағынан 467 адам шықты
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды