Атырау облысында терроризмді әлеуметтік желі арқылы насихаттаған жасөспірім ұсталды

cover Фото: ҰҚК

2024 жылғы 15 ақпанда ҰҚК прокуратура органдарының үйлестіруімен терроризмді әлеуметтік желілер арқылы насихаттады деген күдікпен Атырау облысының 17 жастағы тұрғынын ұстады. 

Қылмыстық кодекстің 256-бабы 1-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

2023 жылы бұл тұрғын ұқсас қылмыс үшін 2 жылға бас бостандығынан шектелген. Қабылданған процестік және профилактикалық шараларға қарамастан, ол заңғы қайшы әрекеттерін жалғастырды.

Айта кетейік, террористік қылмыстар үшін жауапкершілік 14 жастан басталады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар