Атом өнеркәсібін талқылаған Тоқаев Франция президентіне сәлем жолдады

cover Фото: Ақорда

«Астана» халықаралық форумы аясында Қазақстан президенті Францияның сыртқы саудасы жөніндегі министр-делегаты Лоран Сен-Мартенмен кездесті, деп хабарлайды Orda.kz.

Олар энергетика және атом өнеркәсібі салаларындағы мәселелерді талқылады. Естеріңізге сала кетейік, Франция — Қазақстандағы атом электр станциясын салуда мердігер мәртебесіне үміткерлердің бірі. Францияның EDF компаниясынан бөлек, бұл атаққа тағы кореялық KHNP, қытайлық CNNC және ресейлік «Росатом» корпорациясы үміткер.

Атом электр станциясын салу аясында Қазақстанда Ядролық энергетика агенттігі пайда болды. Оны экс-энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев басқарған болатын.

«Осы мүмкіндікті пайдаланып, Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Президенті Эмманнуэль Макронға сәлемін жолдады» деп жазды Ақорда. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Ақтау теңіз портының президенті ұсталғаны жайлы жазған болатынбыз.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар