«Ата-аналар ұлдарын мемлекетке сеніп тапсырды»: Тоқаев әскердегі былықтар жайлы сөйледі
Фото: Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі қазақстандық халықаралық бюро
Президент ата-аналар өз ұлдарын мемлекетке сеніп тапсырғанын, сол себепті әскерге ерекше жауапкершілік жүктелетінін атап өтті.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
Парламент палаталарының бірлескен отырысында ол әскер қатарына жас жігіттер Отан алдындағы борышын өтеуге баратынын, сондықтан әскердегі заң мен тәртіпті сақтау басты міндет екенін баса айтты.
«Сарбаздар өз міндеттерін лайықты атқаруы үшін Қарулы Күштер мен басқа да күштік құрылымдарда ең алдымен темірдей тәртіпті қамтамасыз ету қажет. Ата-аналар өз ұлдарын мемлекетке сеніп тапсырды, сол себепті әскер мен құқық қорғау органдары басшылығы олардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне ерекше жауапкершілік артады», – деді президент.
Еске сала кетсек, әскерге барып мүгедек болып қайтқан Ербаян Мұхтардың ісі жұртты дүр сілкіндірген болатын. Ұлттық ұлан сарбазы әскерде қызмет атқару барысында ауыр жарақат алды. Ал, ресми мәлімет бойынша, ол дәретханада құлап, басын соғып алған. Алайда жігіттің ата-анасы бұл нұсқаға сенбей, оны аяусыз ұрып-соққанын айтты.
Orda.kz осы мәселені көтеріп, сарбаздың туыстарында жеке дәрігерлерге төлейтін қаражат жоқ екенін, мүгедек есебінде жоқ болған соң, ешбір емхана алмай отырғанын жазған болатын. Кейін бүкіл Қазақстан болып еміне ел ақша жиды. Ал құзырлы органдар құжаттарын жасауға көмектесетінін мәлімдеді.
Жаңалықтар
- Иран Ормуз бұғазы арқылы Үндістан кемелеріне өтуге рұқсат берді
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен
- Польшада жоғалған қазақстандық әйелдің мәйіті табылды