Астанада жүк көлігі тұрғын үй ауласында 6 жасар баланы басып кетті

cover Фото: Бейнежазбадан кадр

Астана қаласында Әл-Фараби көшесіндегі тұрғын үйдің ауласында алты жасар баланы жүк көлігі қағып кетті, деп хабарлайды Orda.kz.

Полицияның мәліметінше, қайғылы оқиға 38 жастағы Dongfeng жүргізушісінің қателігінен болған. Айналып жатқанда ол велосипедтегі баланы байқамай қалған.

Өкінішке қарай, бала ауруханаға жеткізілгенімен, алған жарақатынан қайтыс болды.

Еске сала кетсек, Orda.kz бұған дейін Алматы қаласында 2 наурыз күні 7 жастағы қызды абайсызда басып кеткен жүк көлігінің жүргізушісі 5 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін жазған болатын. 3 сәуір күні де Алматы қаласындағы Алмалы ауданында тағы бір 7 жастағы мектеп оқушысын көлік қағып кетті.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар