Астанада жеке тұрғын үйдегі өрттен төрт бала қаза тапты
Фото: ТЖД
Астанада жеке үйдегі өрттен төрт бала қаза тапты, деп хабарлайды Orda.kz қалалық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Өрт салдарынан 2011, 2015, 2021 және 2022 жылы туған төрт бала қаза тапты» делінген хабарламада.
Хабарланғандай, бүгін таңертең Астанада жекеменшік екі қабатты тұрғын үйдің шатыры өртеніп, жартылай опырылған. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, өрт 500 шаршы метр аумақта сөндірілді.
Себептері анықталуда. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиға орнында өртті зерттеу зертханасы жұмыс істеп жатқаны, зардап шеккендердің туыстарына Астана қаласының Апат медицинасы және төтенше жағдайлар орталығының психологтары көмектесіп жатқаны атап өтілді.
Жаңалықтар
- Ақтөбеде жүкті әйелді ауруханаға апара жатқан жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады
- Тегеран бес елдің кемелеріне Ормуз бұғазы арқылы өтуге рұқсат берді
- ҰҚК заңсыз контрабандамен айналысты деген 18 шетелдікті ұстады
- Ақтөбе облысында 99 жасөспірім қыз жүкті болды
- Алматыда мереке кезінде бес мыңнан астам адам жол ережесін бұзған
- Тоқаев Қазақстан мен Бангладеш арасындағы достық қатынас дами беретініне сенім білдірді
- Трамп сенбіге дейін соғысты тоқтатуы мүмкін — Израильдік БАҚ
- БҚО-да тағы бір дрон құлады
- Иран АҚШ шарттарын қабылдамаса Трамп елді «тозаққа айналдырмақшы»
- Иран соғысты тоқтатудың 5 шартын атады
- Сайлаудан жалтаруда: Нетаньяху мерзімінен бұрын бюджетті бекітуге ниетті
- Тұрғын үйдегі жарылыс: Шахтинскідегі апаттан аман қалғандардың жағдайы қалай?
- Алматыда ұялы телефондар дүкеніне ұрлыққа түскен күдікті ұсталды
- Телефонға алаңдап, қарсы жолаққа шығып кеткен: Алматыда көлік аударылды
- Украина дрон шабуылынан кейін Ресейдің Усть-Луга портында өрт шықты
- Нұрлан Байбазаров Тоқаевтың көмекшісі болып тағайындалды
- Ерболат Досаев президент әкімшілігіндегі қызметінен босатылды
- Жаңбырдан кейін көліктерді лай басты: Атырау тұрғындары «лас жауынға» шағымдануда
- Атырауда жасөспірім биіктіктен құлап кетті
- Иран бойынша бейбіт келіссөздер 26 наурызда басталуы мүмкін