Астанада Тоқаевтың бұрынғы кеңесшісі кісі қолынан қаза тапты
Фото: Informburo.kz
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұрынғы кеңесшісі Ержан Бабақұмаров қаза тапты. Ақпаратты Orda.kz дереккөздері растады. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Деректерге қарағанда, Бабақұмаровты 29-дан 30-на қараған түні Астанада біреулер соққыға жығып өлтірген. Ержан Бабақұмаров – Алматы қаласының бұрынғы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеген.
Қайғылы оқиға 30 қазан түнінде болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, Бабақұмаров таныстарымен бірге кеш өткізген. Арасында сөзге келіспеушілік туындап, төбелеске ұласқан. Соның салдарынан алған дене жарақатынан қайтыс болған.
Астана полиция департаменті ақпаратты растады.
«30 қазанға қараған түні Астанадағы мейрамханалардың бірінде таныстар арасында жанжал шыққан. Тергеудің алдын ала дерегінше, «арадағы ұрыс төбелеске ұласқан». Алған жарақаттардан 56 жастағы ер адам оқиға орнында көз жұмған», деп хабарлады полиция.
Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Ержан Бабақұмаров 1990-жылдары еңбек жолын Алматы әкімі аппаратының құрамында бастаған. Кейін Президент әкімшілігіне ауысып, ішкі саясат бағытын қадағалады және Назарбаевтың тұсында Ақпарат орталығын басқарды. 2006 жылы мәдениет вице-министрі болып тағайындалып, кейін премьер-министр Кәрім Мәсімовтің кеңсесінде жұмыс істеді.
2019 жылы ол Қасым-Жомарт Тоқаевтың кеңесшісі атанды. Сол жылы Алматы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. Қаңтар оқиғасынан кейін Бақытжан Сағынтаевпен бірге қызметінен кеткен. Соңғы лауазымы — президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің директоры.
Бабақұмаров 56 жаста еді. Артында жұбайы, ұлы мен қызы қалды.
Қаңтар оқиғаларынан кейін ол көпшілік назарынан алшақ болған. Соңғы рет биыл көктемде сұхбат беріп, саясат тақырыбында сараптамалық пікір білдірген. Биыл ақпанда Бабақұмаров мас болып көлік жүргізгені үшін ұсталып, сот шешімімен жүргізуші куәлігінен айырылған.
Еске сала кетейік, Қазақстан бір палаталы парламентке көшуге дайындық жүргізіп жатыр. Алайда ел президенттік басқару жүйесін сақтап қалады. Бұл жөнінде мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин журналистермен кездесуінде мәлімдеді. Кездесу жабық форматта өтті, шақырылғандар тізімінде тек «қажетті» басылымдар болды.
Жаңалықтар
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты
- Ирак жағалауында мұнай танкері жарылып, бір адам ажал құшты
- Үндістандағы балық базарында ірі өрт жүздеген лашықтың күлін көкке ұшырды
- Петропавлдық мұғалім Гиннестің рекордтар кітабына енді
- Заңсыз 185 млн теңге тапқан: Теміртауда криптоферма ашқан ер адам сотталды
- Ақтөбеде әскери қызметкер кәмелетке толмаған қызды зорлағаны үшін 15 жыл 6 айға сотталды