Астанада LRT сынақтан өткізіле бастады
Фото: \"Астана - Не? Қайда? Қашан?\" телеграмм арнасынан
Құрамның жолға шыққан сәті түсірілген кадрлар әлеуметтік желілерде тарады, деп хабарлайды Orda.kz.
Жуырда елорда әкімі айтып өткендей, алғашқы пойыз жолға шыққаннан кейін станциялар мен құрамдар саны күн сайын біртіндеп арттырылады деп жоспарлануда. Бір апта ішінде екі станция арасындағы учаскеде сынақ режимінде жұмыс жүреді.
Жалпы жүйені тексеру үш айдан алты айға дейін созылады. Қазан айында Астанаға сегіз пойыз келеді, ал жыл соңына дейін — барлық 18 құрам жеткізіледі.
Жоспар бойынша құрамдар 2026 жылдың басында қалыпты режимде қатынай бастайды. Жолаушылар үшін алдын ала белгіленген жолақы — 200 теңге.
Бұған дейін LRT құрылысына қатысты Астана тұрғындары мен қала қонақтарына қыркүйектің соңына дейін жалғасатын көшелердің екі бөлігінде қозғалыс шектелетіні туралы ескертілді. Ал Алматы мен Қонаев қалаларының арасын жалғайтын ЛРТ жүйесін оңтүстік кореялық компания салатыны белгілі болды.
Жаңалықтар
- Иран Орталық Азия еліне әскери ескерту жасады
- Қазақ салтындағы бала асырап алу дәстүрі
- Тоқаевқа референдум нәтижесіне орай тағы құттықтау жеделхаттары келіп түсті
- «Қайрат» өз алаңында «Ақтөбені» тізе бүктірді
- «Сегіз автокөлік пен 17 iPhone тәркіленді» — Жаңабыловтардың сотында не айтылды?
- Садыр Жапаров Тоқаевты Қазақстанда жалпыхалықтық референдумның сәтті өтуімен құттықтады
- Түркістанда пара алды деген күдікпен ұсталған полицей жазадан құтылып кетті
- Астанада 15 жастағы жасөспірім із-түзсіз жоғалып кетті
- Мемлекет басшысы әскери қызметке қатысты Жарлыққа қол қойды
- Жамбыл облысындағы әскери бөлімде қарауыл бастығына оқ тиіп опат болды
- Лос-Анджелесте «Оскар-2026» жеңімпаздары анықталды
- Путин Тоқаевты жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтады
- Талғарда қыз зорлады деген жаламен ұсталған төрт жігіт ақталып шықты
- Қадір түні — тағдыр түні: Дұға-тілектер
- Алматыда Рахат Тұрлыханов әйеліне күш көрсетті деген күдікпен қайта ұсталды
- Италияда қысқы Паралимпиада ойындары аяқталды: Қазақстан нешінші орында тұр?
- Тоқаев Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті
- Екі аптадағы соғыс: Парсы шығанағындағы елдерге Иран шабуылдарының салдары қандай?
- Қазақстанның жаңа Конституциясы референдумда ресми түрде мақұлданды
- «Өліп жақсы көремін»: Нетаньяхудың «өлімі» мен алты саусақтың құпиясы