Астанада LRT қаншалықты дайын

cover Сурет: Orda.kz.

Жыл басында Қазақстан билігі Астанадағы LRT құрылысын аяқтауға 52 млрд теңге бөлген. Келесі жылы олар тағы 45 млрд бөлуді жоспарлап отыр.Бұл туралы Үкіметте өткен брифингте ҚР Көлік министрлігінің басшысы Марат Қарабаев мәлім етті.

«Қада төсеу жұмыстары 96 пайызға орындалды. Тіректердің өзін салу жұмыстары 76 пайызға, ал құрылымдарды құрастыру 82 пайызға орындалған. Енді келесі жылға 45 миллиард теңгеге жуық бюджетті талқылап жатырмыз, бұл құрылыс-монтаж жұмыстарын жалғастыру үшін қажет. Қазір нысанда 1500 адам жұмыс істейді. Егер жұмыс көлемі ұлғайса, ұжым төтеп беріп, құрылыс-монтаж жұмыстарын айтарлықтай жеделдете алса, біз қосымша 150 миллиард теңгеге дейін ақша сұраймыз», - деді министр. 


Нысандағы негізгі жұмыстар 2025 жылы аяқталады, деп айтты Қарабаев.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар