«Астанада емделеді»: Науқас ұрғаннан жансақтау бөліміне түскен хирургтың жағдайы ауыр
Фото: Антон Кистановтың жеке мұрағатынан
Қостанайда науқас шабуыл жасаған Антон Кистанов санитарлық авиация бортымен Астанадағы шұғыл медицина орталығына жіберіледі. Дәрігердің жағдайы ауыр, деп хабарлайды Orda.kz.
Антонның жағдайы туралы мәліметті әріптестері айтты. Қазір хирургты елордаға жіберуге дайындап жатыр екен.
«Кистановқа миының ауыр әрі жабық жарақаты, бастың оң жақ бөлігінен лезде қан кетуі, желке сүйегінің сынуы, төменгі еріннің шырышты қабығының көгерген жарасы және желке аймағының жұмсақ тіндерінің көгеруі деген диагноздар қойылды. Шұғыл көмек пен телемедициналық консультациялар көрсетілгеннен кейін, бүгін Кистановты медавиация бортымен Астанаға емделуге жіберу туралы шешім қабылданды», деп хабарлады Қостанай облыстық ауруханасының баспасөз қызметі.
Облыс әкімі Құмар Ақсақалов пен Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова болған жағдайды талқылады. Нәтижесінде Қостанай облысының ірі медициналық мекемелерінде күзет бекеттері орнатылатын болды.
«Бірінші кезекте бұл — облыстық және қалалық ауруханалар. Күзетті полиция департаменті жанындағы мамандандырылған күзет қызметі қамтамасыз етеді. Бұл ІІМ жүйесіне кіретін мемлекеттік құрылым. Күзет аурухана ішінде тұрақты кезекшілікпен жұмыс істейді. Медицина қызметкерлері жұмыс орнындағы қауіпсіздігі үшін қорықпауы керек. Олар қауіпсіздіктері қорғалғанына сенімді болуы керек», — деді өңір басшысы.
Айта кетейік, 34 жастағы дәрігер Қостанай облыстық ауруханасында алты жылдан бері жұмыс істейді. Әріптестері оның ондаған адамның өмірін сақтап қалғанын айтты.
Еске салайық, бұл жағдайға Денсаулық сақтау министрі де пікір білдірген еді. Әлназарова қыркүйек айында парламентке медицина қызметкерлеріне жасалған қылмыстарға тағайындалатын жауапкершілікті қатаңдату туралы заң жобалары енгізілетінін айтты.
Жаңалықтар
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды
- Көкпардан әлем чемпионаты 15–21 наурыз аралығында Түркістанда өтеді
- Қазақстан өз азаматтарын эвакуациялай бастады: Шиеленіс аймағынан 467 адам шықты
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды