Астанада дзюдодан әлемдік турнир өтеді
10-12 мамыр аралығында Астанада дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam әлемдік рейтингтік турнирі өтеді. Бұл старт дзюдошыларға 2024 жылы Парижде өтетін жазғы Олимпиада ойындарына қатысу үшін қажетті ұпайларды әкелетін «Үлкен дулыға» сериясының соңғы кезеңі болмақ.
Әлемдік турнир Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтеді. Qazaqstan Barysy Grand Slam турниріне 60-тан астам елдің спортшылары қатысады деп күтілуде, оның ішінде Жапония, Оңтүстік Корея және Франция сияқты әлемдік рейтингтің көшбасшылары бар.
Осы жарыстың қорытындысы бойынша IJF ережелеріне сәйкес әлемдік және олимпиадалық рейтингтердегі ұпайлар турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлері арасында бөлінеді. Атап айтқанда, бірінші орынға 1000 ұпай, екінші орынға 700 ұпай, үшінші орынға 500 ұпай беріледі.
Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылы Қазақстан Республикасының Дзюдо федерациясы Халықаралық дзюдо федерациясымен (IJF) «Үлкен дулыға» әлемдік сериясының жарыстарын Қазақстанда өткізу туралы төрт жылдық келісімшартқа қол қойған болатын. Екіжақты келісімге сәйкес, біздің ел бұл турнирді 2026 жылға дейін қабылдайды.
Жаңалықтар
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен
- Польшада жоғалған қазақстандық әйелдің мәйіті табылды
- Билік Қазақстан экономикасына 22,7 трлн инвестиция құйылғанын айтты
- Арыс ауданында жоқ малға субсидия алған әйел сотталды
- Иран Дубайдағы халықаралық қаржы орталығына шабуыл жасады
- Марқұм Әли Хаменейдің әйелі тірі
- Иран СІМ: Ормуз бұғазына мина қойып жатқан жоқпыз
- Астанада алғаш рет семсерлесуден Әлем кубогінің кезеңі өтеді
- Иранның жаңа көшбасшысы үндеу жасады: Иран кек алмай қоймайды
- 13 наурызда барлық өңірде күн жылы болады
- БҚО-да мемлекеттік мекеменің есепшісі бюджет қаражатын бәске тігіп жіберген
- Атырау облысындағы Қарабатан полигонында сарбаз қаза тапты
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр