Астанада ашаршылық құрбандарының мүсініне макияж жасаған әйел жазаланды

Астанада 36 жастағы әйел ашаршылық құрбандарына арналған мемориалға келіп, ескерткіш мүсіндерге макияж істеген, деп хабарлайды. Orda.kz.
Бейнежазбада әйелдің сөмкесінен боянатын заттарды шығарып, ескерткіштерге бояу жағып тұрған сәті анық көрінеді. Оқиға орнына дереу полиция қызметкерлері келіп, оған ескерту жасаған. Әйел өз әрекетін «жай ғана солай істегім келді» деп түсіндірген.
«Вандализм деген — қоғамдық және тарихи-мәдени нысандарды қасақана бүлдіру. Мұндай құқықбұзушылық заң бойынша әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке әкеледі. Мәдени мұраны қорғау – әр азаматтың міндеті. Ортақ құндылықтарды бірге сақтайық!», – деп жазылған полицияның ресми хабарламасында
Полиция департаментінің хабарлауынша, құқық бұзушыға қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, 200 мың теңге көлемінде айыппұл салынған.
Жаңалықтар
- Ақтөбеде нағашы апайынан құқай көрген 5 балаға әкім пәтер береді
- «Алтын-Емел» саябағында Қызыл кітапқа енген құстарды аулаған депутат ұсталды
- Францияның экс-президенті Саркози абақтыға қамалды
- Жамбыл облысында баласының бетінен ұрған ер адамға үкім шықты
- Жамбыл облысында оқушысы қайтыс болған мектептің директоры қызметіне оралды
- «Оң аяғын кесіп тастады»: Семейде 23 жастағы жігітті пойыз қағып кетті
- Алматыда қаржы полициясының бұрынғы қызметкерлеріне үкім шықты
- Техаста екі Қазақстан азаматы қолға түсті
- Астанада ашаршылық құрбандарының мүсініне макияж жасаған әйел жазаланды
- Алматы тауында досымен төбелесіп жарақаттанған турист құтқарушыларды балағаттады
- Астанада 59 жастағы әйел отадан кейін көз жұмды
- Жапония тарихында алғаш рет әйел премьер-министр сайланды
- Түркістанда 15 жастағы қыз 71 жастағы туысынан бала көтерді
- Орал маңындағы ауылда оқушылар пышақтасты
- Қарағандыда полиция бекетіндегі қыздың өлімінен кейін полицейлер қызметінен босатылды
- Арыста кезекші дәрігер шырт ұйқыда жатқанда 4 жасар бала өліп қала жаздады
- Әлемге әйгілі Лувр мұражайын тонады: Макрон қарусыз келген ұрыларға қатысты мәлімдеме жасады
- «Ескі Қазақстан» шенеуніктерінің жаңа орны: Неге Атамқұлов Ташкентке, ал Абаев Мәскеуге кетті?
- Қытайда басы дауға қалған блогер қыз Өзбекстанда да жігіттерге «қырыңдады»
- Мектеп оқушылары күзгі демалыста 7 күн демалады