Астана полициясы көлігін тастай қашқан есірткі таратып жүрген күдіктіні ұстады

cover Фото: Polisia.kz

Астана қаласында полицейлер есірткі заттарын сақтады және таратып жүр деген күдікті 25 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды Orda.kz.        

Полиция департаментінің мәліметінше, тәртіп сақшылары «Chery» маркалы автокөлікті тоқтатқан кезде жүргізуші заңды талапқа бағынбай, қашуға әрекет жасаған.

«Қудалаудан қашу барысында ол тұрғын үй ауласына кіріп, онда тұрақта тұрған екі көлікпен соқтығысқан. Осыдан кейін ер адам көлікті тастап, жаяу қашпақ болды, алайда полиция қызметкерлері оны ұстап алды», деп хабарлады ведомство. 

Тінту кезінде полицейлер артқы орындықтан жасыл изолентамен оралған, өзіне тән иісі бар ұнтақ тәрізді зат салынған орама тауып алған.

Оқи отырыңыз:





Жаңалықтар

барлық жаңалықтар