Ассамблея депутаттары туралы жергілікті диаспора не дейді?

cover

Фото: otbasym.kz

Парламент сайлауы аяқталған соң Мәжіліске Қазақстан халықтары Ассамблеясынан 9 депутат сайланғаны белгілі. Осыған орай ORDA. диаспораның белгілі өкілдерінің пікіріне құлақ асқан еді.

Как диаспоры относятся к своим депутатам от Ассамблеи

Дүнгендер ассоциациясының төрағасы Хусей Дауров  депутаттыққа сайланған Жамбыл облысы Қордай ауданы Сортөбе ауылдық округінің әкімі Ильяс Буларов туралы пікірімен бөлісті. Былтыр дүнгендер мен қазақтар арасындағы қақтығыс осы ауылдық округтің Массанчи селосында болғаны белгілі.

«Дүнгендер оны депутаттыққа ұсынған жоқ. Дүнгендердің этностық Қоғамдық ұйымдары депутаттыққа бірауыздан Абубакир Войнцені ұсынған болатын. ҚХА-ның Кеңесі біздің ұсынысымызды ескермеді. Ильяс Буларов Сортөбе ауылдық округінің әкімі болғанға дейін өзінің дүнген ұлтын қазақ деп өзгерткен болатын. Әжесі мен анасының қазақ екенін айта келе, ол тек дүнгендер арасында өскенін ғана мойындаған. Біздің ұлттық этносымыз арасында оның беделі төмен болатын. Ал әкім болғалы ол қабылдаған шешімдер де көпшілік ойынан шыққан емес. Сол себептен де халық арасында оған деген сенім болған жоқ. Ал депутат болғанда ол кімнің сөзін сөйлейді? Ол сайлауалды өткен дебаттарда да дүнгендердің бірде бір мәселесін атап айта алмады».

Хусей Дауров сондай-ақ ҚХА-на кандидаттар ұсыну жүйесіне де тоқталып өтті.

«ҚХА-на депутаттыққа кандидаттар ұсыну жүйесі таза емес, нақты жүйе немесе ереже жоқ. Ал нақтылық жоқ жерде кандидаттыққа ұсыну барысында түрлі келеңсіздіктер болатыны белгілі. Әр ұлт пен этнос өкілдері өз өкілдерін парламентке алма кезек сайлап отыруына құқылы болғанымен, ҚХА-ның секретариаты бұл мәселені бюрократтандырып жіберді. Кімді сайлап, кімді қоятынын секретариат қана шешетін болды».

«ҚХА-ның Секретариаты парламентке сайланатын депутаттыққа кандидадатты өзі таңдап, өзі ұсынатын болды. Ұлт пен этностың таңдауы немесе қалауы жайына қалды. Кандидатты да өзі ұсынып, депутаттыққа да жіберетін өзі болған Секретариаттың бұл қылығы өз міндетін шектен тыс пайдалану мен жемқорлыққа әкелуі мүмкін».

Қазақстанның татарлар мен башқұрттар Конгресі 2020 жылдың  қараша айында Мәжіліс депутаттығына Тауфик Каримовтың кандидатурасын ұсынды.

Тура бір айдан кейін, яғни 2020 жылдың 12 желтоқсанында бұл Конгресс Шәміл Осинді Қарағанды облыстық филиалы  басшылығынан босатты. Өйткені ол 2018-2020 жылдары өзі басқаратын филиал туралы Конгресске ешқандай есеп немесе ақпарат беруден бас тартқан және Конгресстің шешімдеріне мойынсұнбаған.

Қазақстан кәрістері Ассоциациясының президенті Сергей Огай  депутаттыққа кандидат етіп Юрий Лиді таңдау себебіне тоқталды.

«Мен оны жақсы білемін. Қазақстан кәрістері қоғамының жұмысына белсене атсалысқан адам. «Қазақстанда кәрістердің мекен еткеніне 70 жыл» сияқты жобаларды жүзеге асыруға қатысты. Ол жоғары деңгейдегі кәсіби заңгер, парламентте осындай білікті адамдар отыруы керек деп санаймын, біз оны қолдаймыз».

Журналист Артур Шахназарян өздері таңдаған Аветик Амирханянның кандидатурасына тоқталды.

«Мен оны танып-білмеймін. Бірақ, оралдық әріптестерімнің сипаттауынша Аветик Амирханян қазақстандағы қайшылықты кезеңде тиісті шешім қабылдай алатын, сын көтере алатын адам. Мүмкін осы қасиеттері үшін де БҚО-ның билігі оны Ассамблея атынан мәжіліс депутаттығына кандидат етіп ұсынған болар. Бұдан бұрын да мәжілісте армян диаспорасынан әйел депутат болған, бірақ одан қазақстандық армяндарға ешқандай көмек болған жоқ. Аз ұлтты халықтардан парламентке квотамен сайлану дүниежүзілік тәжірибеде бар нәрсе. Бірақ, сайлау барысында олар партиялық тізімге енгізіліп сайлауға түседі немесе оларды ұлттық диаспорадан құрылған ұйым сайлайды. Ал қазақстандық армяндар Амирханянға дауыс беріп сайлады ма? Жоқ.

Олай болса ол бізге не үшін керек? Біздің бәріміздің баратын мектебіміз де, жолымыз да, ауруханамыз да ауамыз да бірдей.

«Барлық қазақстандықтар сияқты біз армяндар да бағаның  қымбаттағанына ашуланамыз, оны өсіріп жатқандарға ренжиміз».

ҚХА-нан сайланған Владимир Тохтахуновқа ұйғыр диаспорасының айшықты өкілі, еңбегі сіңген өнер қайраткері, Барыс 11 орденінің кавалері, оған Қазақстан журналистер Академиясының мүшесі Азат Акимбек қолдау көрсетті.

«Парламентке ұйғыр диаспорасынан тұңғыш рет кәсіби мемлекеттік қызметкер сайланып отыр. Бұған дейінгі Ахмадиев – өнер адамы, оған дейін сайланған Нурумов – арнаулы қызмет саласынан болатын. Тохтахунов 8 жыл Алматы облысының күрделі аудандарының біріне жататын Ұйғыр ауданын басқарды. Шаруашылық ісін жақсы меңгерген. Халықпен тіл табыса біледі. Ел арасында беделді. Ол парламентте ел үшін әлі де көп істер атқарады».

Күрдтер диаспорасынан сайланған мәжіліс депутаты Вакил Набиев туралы филология ғылымдарының докторы, Әлеуметтік ғылымдар Академиясының академигі, профессор Князь Мирзоев:

«Набиев Мәжіліс депутаттығына лайық адам. Біз оны сыйлап, әрдайым қолдаймыз. Қазақстан күрдтерінің «Барбанг» Ассоциациясы оны шын жүректен депутат болып сайлануымен құттықтаймыз. Бұл тек біздер, Қазақстанның  күрдтері үшін ғана емес, Орталық Азия аумағындағы күрдтер үшін де өте мақтан тұтатын жай», - деп атап өтті.

Сонымен, Қазақстанның барлық ұлттар диаспорасы ҚХА-нан сайланған депутаттарға деген сенімі мол. Осы сенімді депутаттарымыз қаншалықты ақтайды – ол уақыт еншісінде.

Авторы: Анна Даниловская

Аударған: Баян Таңатарова

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар