Әскери қызметші Приозёрск гарнизонының әскери бөлімінде суицид жасады

cover Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

14 қазанда мерзімді әскери қызметші Приозёрск гарнизонының әскери бөлімінде суицид жасады, деп хабарлайды Orda.kz.

Әскери бөлімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол күзет қызметінде болған кезде өзіне берілген қарудан өз басына оқ атқан.

«Бұл оқиға әскери қызметпен байланысты емес. Алдын ала мәліметтер бойынша, әскери қызметші отбасылық-тұрмыстық жанжал салдарынан өз-өзіне қол жұмсаған» делінген хабарламада.

Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, оқиғаның мән-жайлары анықталуда. Анықталғандай, ер адамға әскери қызмет мерзімін аяқтауға небәрі 2 апта қалған екен. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар