АШМ департаменті директорының экс-орынбасары күдікке ілінді

cover Фото: Depositphotos.com

Ауыл шаруашылығы министрлігі департаменті директорының бұрынғы орынбасары жемқорлық жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Orda.kz. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Астана қаласы бойынша департаменті экс-орынбасарға қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр.

Ол қызметтік көлікті жөндеуге заңсыз аффилиирленген компанияны тартқан. Кейін бюджет қаражатын қолма-қол ақшаға айналдырып, ұрлап әкеткен. Тергеу жүріп жатыр.

Еске салайық, Алматы облысында аңшы отты дұрыс жақпағаны үшін жолдасымен жанжалдасып, оның аяғына әдейі оқ атты. 
Күдікті ұсталды. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар