Асфальт жуып, мадақ жаттауда: Тоқаев Қостанайға барады

cover Коллаж Orda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев 10 - ші қыркүйектегі аймақтарға арналған кезекті сапарын Қостанайдан бастайды. Президенттің бұл сапары Қостанай облысының шенеуніктеріне қатты әсер еткені соншалықты күннің нұры Тоқавтың жүзіне қалай түсетініне дейін жоспарлап қойыпты. Orda.kz тілшісі Қостанай облысының шенеуніктері Тоқаевтың ықыласына ие болу үшін тағы не істеуді жоспарлап жатқандығын білді.

Айтулы жиынның дайындығына атсалысып жатқан жұртшылықтың айтуынша, облыстық және қалалық әкімшілік Тоқаевтың сапары сәтті болуы үшін жұмыла кірісіп кеткен. Президентпен сөйлесетін кездейсоқ адам болмайды. Кеңсе қызметкерлері, дала сыпырушылар, зауыт жұмысшылары – барлығы кем дегенде бірнеше апта бұрын дайындалып, алдын ала қатаң цензурадан өткен. Тіпті сөйлейтін сөздерін талдап, жаттап алған көрінеді. 

«Біз Тоқаевтың қасында арнайы бір қашықтық ұстап жылжып отырамыз. Өйткені президентке күнің нұры дұрыс түсуі тиіс. Қашықтықты көшеде өтіп бара жатқан қарапайым жұртшылық пен мекеме-кәсіпорын қызметкерлері де қатаң сақтауы керек. Оларды ашулы немесе керек емес артық ауыз әңгімені айтпайтындай сақадай сай қылып таңдап алынды»,– деді сұхбаттасушымыз.

Алайда, бұл тек Қостанай облысында болып жатқан жағдай емес. Жалпы мемлекет басшысының келуіне орай асфальт жуу, көшелерді тәулік бойы сыпыру, брусчаткаларды жөндеу өзіндік бір дәстүрге айналып кетті. 

«Тоқаевпен кездесетін адамдардан президентке ештеңеге шағымданбауды және одан қажетсіз ештеңе талап етпеуді сұралды. Олай болмаған күнде уәкілетті орган тарапынан «сөгіс» болып соққы келуі  мүмкін екендігі ескертілді. Президентке «мырза» деп, амандасуға қолды бірінші созбау керектігі де айтылды. Осындай қолдан жасалған қатаң талапқа қарамастан, Ғұмар Ақсақалов атты әкімшіліктің адамы қостанайлықтардан өздерін еркін ұстауды және жиі күліп жүруді талап етті», – деп қосты сұхбаттасушымыз. 

Сонымен қатар, сұхбаттасушымыз президенттің келуіне дайындық көпшілік үшін «жалықтырмайтын» шаруаға айналғанын айтады. Техникалық қызметкерлер демалыс күндерін қоса алғанда тоқтаусыз қаланы тазалауға мәжбүр.

Президенттің облысқа сапары негізінен өнеркәсіп нысандарын, оның ішінде «АгромашХолдинг KZ» АҚ мен Allur автокөлік шығаратын зауытты аралауға қатысты.  Екі кәсіпорын да үлкен қонақтарды бірінші рет қарсы алып отырған жоқ, сондықтан бәрі жоспарға сай болады деп күтілуде. Қалай болғанда да, аталған нысандарда жергілікті мемлекеттік күзет қызметтері тексеру жүргізіп жатыр.

Бірақ бұл жолы Тоқаев жаңа Kamlit автокөлік бөлшектерін шығаратын зауытқа барады. Айта кетейік, компания Ресеймен тығыз байланыста. Шойын құймаларын шығаратын заманауи екі өндіріс орнының ауқымды құрылысы бірнеше жылдан бері жүргізіліп, қазір оны президентке көрсетуге дайын. Көптен күткен қонақтың қозғалуға ыңғайлы болуы үшін гольф арбаларын сатып алған. Тіпті президент пен оның жанындағыларды екінші қабатқа апаратын лифт те салынған екен.

Жалпы алғанда біздің шенеуніктерге президент келеді деген сөз – аймақты айнадай жалтыратып, кем-кетік, қалтыраған дүниелерді жасыру деген мағынамен пара-пар болып алды. Бұл дәстүр экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кезеңінде бастау алды, қазір де тап солай жалғасын тауып жатыр.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар