Қарт ананы соққының астына алған әйелдің видеосы көпшіліктің ашу-ызасын тудырды

cover

Қарт әжейді жас әйелдің аяусыз ұрып-соғып жатқан бейнежазбасы желіге тарап кетті. Куәгерлердің бірі осындай сұмдық оқиғаны жасырын түсіріп, желіге жүктеген. Артынан әжейді ұрған әйелдің денсаулығында кінәраты бары анықталды. 

Әжейді аяусыз жұдырықтап жатқан әйелдің бейнежазбасы желіні шулатты. Әйел кішкентай қызының көзінше қарт ананы ұрып-соққан. Желі қолданушылары қауқарсыз әжейді ұрған әйелге реніштерін білдірді.

Журналист Ирина Советжанқызының хабарлауынша, әжені ұрған әйелдің денсаулығында кінәрат бар екен. 

— Достар, бұл видеоны маған көп адам жіберді. Анасын ұрған әйелдің ақыл-есінің дұрыстығына күмәнмен қарап, алдымен анықтап алайын дегенмін. Расында да «ақыл есінің ауытқуы бар науқас әйел» деді көршілері. Бірақ өзі әрең жүрген әжейдің не себепті науқас қыздың қасында қараусыз қалғанын сұрастырып жатырмын. Әжейдің үйіне барып, жағдайын біліп келдік. Жаным әжей, «ренжімеймін» деп қояды. Қызының науқас екені жауаптарынан білініп тұр. Пікір жазғанда артық кетпейік, достар. Кімді, не күтіп тұрғанын ешкім білмейді. Бекен деген азамат қызы анасын ұрған Сандуғаштың денсаулығында кінарат бар екенін айғақтайтын анықтама қағазын да видеоға түсіріпті, - деп жазды Ирина Советжанқызы желіде. 

Алайда желі қолданушылары ақыл-есі кеміс адамның емін-еркін кейуананы ұрғанына, оған қарсы шықпағанына наразы болды. 

«Енді не істеуге болады? Сонда бұл әжей таяқ жеп жүре береді ме? Шешімі бар ма?», «Қандай жағдай болса да ұруға қақсы жоқ ата-ананы», «Әже байғұс ауызына құм құйылғандай жақ аша алмай отыр. Қазақ айтады әке-шешең жынды болса байлап бақ деп. Қандай жағдай болмасын анасына қол көтергені дұрыс емес», «Сенімсіздеу екен», «Қалайша жақсы? Кеше ғана ұрып- соғып теуіп жатыр еді ғой», деп жазды желі қолданушылары.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар