Арнайы жасақ жігіттері тағы да «таяқ жеді»

cover Фото: gov.kz

Алматыда ащы суға тойып алған бірнеше  ер адам арнайы жасақ қызметкерлеріне шабуыл жасады, деп хабарлайды Orda.kz. 

krisp_almaty Instagram парақшасының мәліметінше, 22 ақпан күні таңғы уақытта  Назарбаев даңғылында үш мас ер адам кезекшілікте жүрген арнайы жасақ қызметкерлеріне шабуыл жасайды. Куәгерлердің айтуынша, арнайы жасақ қызметкерлері шу шығарған бір топ  ер адамдарға қатысты шақырту алған. Оқиға орнына жеткен арнайы жасақ қызметкерлері күш қолданбаған. Алайда, куәгерлердің сөзінше, шабуылдаушылардың бірі құқық қорғау органдарында таныстары барын айтқан екен. 

«Бұл оқиға бойынша Медеу аудандық полиция басқармасы тиісті шара қабылдады. Құқықбұзушылар қоғамдық орында алкогольдік масаң күйде болу, ұсақ бұзақылық жасау және полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбау баптары бойынша жауапкершілікке тартылды», деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.  

Қазіргі таңда, материалдар сотқа жолданды.


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар