Арал теңізін қалпына келтіру бойынша кеңес өтті

cover Фото: Су ресурстары және ирригация Министрлігі

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Алматыда Солтүстік Арал теңізін қалпына келтіру жобасының екінші кезеңіне дайындық бойынша кеңес өткізді.

 Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігі хабарлады.

Халықаралық Аралды құтқару қорының Қазақстандағы атқарушы дирекциясы кеңсесінде өткен кездесуге ХАҚҚ сарапшылары мен жобаны әзірлеуші мамандар қатысты.

«Теңізде және оған жақын аймақта балық аулау мен су ортасы жағдайын жақсарту, сондай-ақ Сырдария өзені атырабындағы сулы-батпақты жерлерді тұрақтандыру керек. Су инфрақұрылымы жетілдіріліп, Солтүстік Арал мен Сырдария атырабындағы гидрологиялық жағдайы жақсарады» деп мәлімдеді.

Министр жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу барысы және Солтүстік Арал теңізіндегі су ресурстарын ұлғайту және тұрақтандыру бойынша қабылданған жұмыстармен танысты. 

«Қызылорда облысында балық шаруашылығын, мал шаруашылығын, туризмді және орман отырғызуды дамыту арқылы орнықты экономикалық, әлеуметтік және экологиялық қызметті қолдауды көздейді. Сонымен қатар, Арал-Сырдария бассейнінде су ресурстарын басқару жүйесі жақсарады», - деп мәлімдеді.

Кездесу қорытындысы бойынша министр ТЭН-ді мерзімінен кешіктірмей әзірлеу жөнінде бірқатар ұсыныс айтты, сондай-ақ Арал аймағында жобаға қатысты қоғамдық тыңдаулар өткізуді тапсырды.

«Әзірленіп жатқан жоба Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Солтүстік Аралды сақтау жөніндегі ауқымды жобаның жалғасы болады. Ол 2002-2010 жылдар аралығында іске асырылып, бүкіл Арал өңіріне оң әсерін тигізді. Екінші кезең Солтүстік Аралды тұрақты сумен қамтамасыз етуден бастап экономикалық және әлеуметтік жобаларды дамытуға дейінгі түрлі бағыттарды қамтиды», - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар