Антикорда Гүлмира Сатыбалдының ісіне қатысты жаңа мәліметтер жарияланды

cover Коллаж Orda

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйеліне қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтап, материалдарды сотқа жіберді.

Гүлмира Сатыбалды кәсіпкерді заңсыз бас бостандығынан айырды, аса ірі көлемде бопсалады және озбырлық жасады деген күдікке ілінді. Іске басқа тұлғалар да қатысты.

«Қазіргі уақытта процеске қатысушылар қылмыстық іс материалдарымен танысуды аяқтады. Сатыбалдыға қатысты Алматы қаласының тергеу сотының мақұлдауымен олар қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады» делінген Антикор хабарламасында.

Назарбаевтың бұрынғы келіні 2022 жылы 16 наурызда Антикор қызметкерлеріне ұсталды. Бір жыл бұрын ол тонап, ұрлап, бөтеннің мүлкін талан-таражға салғаны үшін жеті жылға сотталған. Алайда, кейін оған  жаңа қылмыстар тағылды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар