Антикор «СК-Фармация» ЖШС-да елеулі сыбайлас жемқорлық қаупін анықтады
Фото: Pexels
«СК-Фармация» дәрі-дәрмектің жартысынан көбін бәсекесіз сатып алады.
Бұл туралы антикор хабарлады.
Антикор «СК-Фармация» ЖШС қызметінде өрескел заң бұзушылықтарды анықтады. Жүргізілген талдауға сәйкес, «СК-Фармация» ЖШС-да халықты дәрі-дәрмекпен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен тиімді қамтамасыз етуге кедергі келтіретін ауқымды сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды.
«Дәрілік заттарды сатып алудың жартысынан астамы бәсекелестіксіз жүзеге асырылды, бұл фармацевтикалық компанияларға басқа жеткізушілермен сөз байласу арқылы бағаны көтеруге мүмкіндік берді. Сатып алулардың тек 8% ғана 81% үнемдеуге әкелді, ал лоттардың үштен бірінде баға мүлдем төмендеген жоқ. Шарттарға сәйкес келмейтін тендерлерге жеткізушілерді жіберу, сондай-ақ сараптама қорытындысын елемеу фактілері анықталды. Медициналық құрал-жабдықтарды сатып алуға жасалған 13 келісім-шартты талдау, шығындарды 6,7 млрд теңгеге негізсіз асыра бағалау белгілерін көрсетті» деп мәлімдеді антикор.
Сонымен қатар, отандық өндірушілермен ұзақ мерзімді келісім-шарттар жасау процестерінің бұлыңғырлығы Қазақстанда фармацевтикалық өндірістің іс жүзінде дамымауы жағдайында олардың негізсіз баюына ықпал етті.
Жаңалықтар
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен
- Польшада жоғалған қазақстандық әйелдің мәйіті табылды
- Билік Қазақстан экономикасына 22,7 трлн инвестиция құйылғанын айтты
- Арыс ауданында жоқ малға субсидия алған әйел сотталды
- Иран Дубайдағы халықаралық қаржы орталығына шабуыл жасады
- Марқұм Әли Хаменейдің әйелі тірі
- Иран СІМ: Ормуз бұғазына мина қойып жатқан жоқпыз
- Астанада алғаш рет семсерлесуден Әлем кубогінің кезеңі өтеді
- Иранның жаңа көшбасшысы үндеу жасады: Иран кек алмай қоймайды
- 13 наурызда барлық өңірде күн жылы болады
- БҚО-да мемлекеттік мекеменің есепшісі бюджет қаражатын бәске тігіп жіберген