Әнші Сиви Махмудидің бұрынғы күйеуі 5 жылға сотталды

cover Фото: nege.aqsha

Әнші Сиви Махмудидің бұрынғы күйеуі 5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Orda.kz. 

Аңсар Қажымұқанұлы алаяқтық жасады деп танылды. Іс материалдарына қарасақ, Ұлытау облыстық ғылыми-әдістемелік орталығының бас есепшісі қызына тағылған «есірткіні сату үшін сақтау» айыбын жеңілдету үшін Қажымұқанұлына 50 мың доллар берген. 

Алайда ақша берілгенімен, мәселе шешілмеді. Бас есепші ақшаны қайтаруды талап етті, бірақ 50 мың доллардың тек 28 мыңы ғана қайтарылған.

«Жазаны жеңілдететін жағдай ретінде кәмелетке толмаған балаларының болуы, кінәсін мойындауы және шын жүректен өкінуі ескерілді», деп мәлімдеді сот.

Еске сала кетейік, әнші Сиви Махмудидің бұрынғы күйеуі Аңсар Қажымұқанұлы сотта алаяқтық жасағанын мойындаған еді.


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар