Әнші Алтынбек Тәшімбетов аурухананы қиратты

cover Фото: telegram/ Kozachkov offside

Әнші Алтынбек Тәшімбетов Алматының қалалық ауруханасында іш киіммен жанжал шығарып, істі болды.

Бұл туралы журналист Михаил Козачков өзінің telegram-арнасында хабарлады.

Танымал әнші Алтынбек Тәшімбетов мас күйінде, медицина қызметкерлерінің қызметіне құрметсіздік танытты.

Козачковтың хабарлауынша, әншіні Алматының орталық қалалық клиникалық ауруханасына ұрып-соғу белгілерімен және тек шорты киген күйі келді, ол қабылдау бөлмесінде жанжал шығарып, әйнек сындырды. Қабылдау бөлмесіне келіп, кезекші медбикені балағаттады. Тек ауруханаға келген полиция қызметкерлері жағдайды тұрақтандырды.

«Құқық бұзушыға қатысты ҚР ҚК 440-бабы және ҚР ҚК 80-1-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік іс материалдары жинақталды»,  деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Әнші Алтынбек Тәшімбетовке 5 АЕК (18 460 теңге) көлемінде жаза қарастырылады. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар