Әнші Алтынбек қателігін мойындады

cover Фото: telegram/ Kozachkov offside

Әнші Алтынбек Тәшімбетов өз қателігін мойындап, аурухана қызметкерлерінен кешірім сұрады.

Бұл туралы журналист Михаил Козачков өзінің telegram-арнасында хабарлады.

Алматының Орталық клиникалық ауруханасынының қабылдау бөлімінде жанжал шығарған әнші Алтынбек Тәшімбетов қателігін түсініп, дәрігерлерге келіп, кешірім сұрады. Әнші сынған әйнектерге кеткен шығынды да өтеуге уәде берді.

Әкімшілік құқықбұзушылық бойынша оның ісі сотқа жіберіледі.

Еске салар болсақ, әнші дәрігерлерді балағаттап, қоғамдық орынға мас келді деп айыпталып отыр.
Әкімшілік кодекстің екі бабы бойынша Тәшімбетовке айыппұл салынып, 10 тәулікке дейін қамауға алынады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар