Анасы 10 айлық нәрестені аяусыз ұрды (видео)

cover

Жақында желіде Павлодарда 10 айлық сәбиді аяусыз ұрып жатқан келіншектің видеосы тарады. Осы факт бойынша облыстық полиция департаменті түсініктеме берді.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Полиция баласын ұрған әйелге қатысты тергеу жүріп жатқанын мәлімдеді.

– Сәбиді медицина қызметкерлері тексерген. Қазіргі таңда оның өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ. 10 айлық бала ауруханаға жатқызылған. Тексере келе, павлодарлық әйелдің кәмелет жасына толмаған үш баласы бар екені анықталды. Ол үш баланы жалғыз бағып отыр, - деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Әйелдің ересек балалары 12- 14 жаста, одан кейінгі баласы - 10 айлық.

Ескерту! Видеоны психикасы әлсіз, аяғы ауыр және 18 жасқа толмаған жандарға қарауға болмайды!

Желі қолданушылары келіншектің мұндай әрекетіне наразылық білдірген.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар