Амантай қажы бір әйелді баспалдақтан итеріп жіберді
Фото: Бейнеден кадр
Президенттікке үміткер болған антиядролық қозғалыстың белсендісі Амантай қажы бір әйелді баспалдақтан итеріп жіберді, деп хабарлайды Orda.kz.
Оқиға Алматы қаласында болған. Бұл дерек бойынша Алмалы аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта белсендінің не үшін мұндай агрессивті әрекетке барғаны белгісіз.
«Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру және процессуалдық іс-шаралар кешені жүргізілуде. Қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Тергеу барысы Алматы полициясы басшылығының бақылауында», деп хабарлады ПД.
Амантай қажы Асылбек «Аттан-Қазақстан» ядролық қаруға қарсы майдан және бүкілқазақстандық Бейбітшілік маршының жетекшісі болған. Ол «Семей-Невада» қозғалысын ұйымдастырушылардың бірі.
Амантай қажы — 1998, 2005 және 2011, 2015 жылдардағы сайлауда Қазақстан президенттігіне үміткер ретінде өз атын ұсынған. Бірақ ОСК оны бірде қазақ тілін білу деңгейін анықтайтын емтиханға келмегені үшін, бірде өзін қолдайтындар қолын жеткілікті түрде жинай алмағаны үшін тіркемей қойған.
Айта кетейік, Қостанай облысында ер адам әйелі мен енесін өлтіріп кетті.
Жаңалықтар
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды
- Көкпардан әлем чемпионаты 15–21 наурыз аралығында Түркістанда өтеді
- Қазақстан өз азаматтарын эвакуациялай бастады: Шиеленіс аймағынан 467 адам шықты
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды