Алтын контрабандасына күдікті Қазақстанға Әзірбайжаннан жеткізілді

cover

Алтын контрабандасына күдікті Түркия азаматы Қазақстанға Әзірбайжаннан жеткізілді.

Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

«Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Қазақстан Сыртқы істер министрлігі көмегімен трансұлттық ұйымдасқан топ әрекетіне қатысқан Түркия азаматын қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін  Әзірбайжаннан экстрадициялады. Ол ұйымдасқан топ құрамында 2020 жылдың шілде-тамыз айлары аралығында Қазақстаннан 24 келіден астам алтынды заңсыз алып өтуге қатысты деген күдікке ілінді. Осы әрекеті салдарынан мемлекетке 633 миллион теңгеден астам шығын келтірілді.Қылмыс жасағаннан кейін қатысушылар тергеуден қашып, халықаралық іздеуге жарияланды» делінген хабарламада.

2023 жылдың шілдесінде күдікті Әзірбайжан аумағында ұсталды.

«Қазір ол Астанадағы тергеу изоляторына қамалды. Қылмыс жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, сегіз жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген. Айта кетейік, 2022 жылдың маусым айында Астана қалалық сотының үкімімен осы трансұлттық ұйымдасқан топтың қызметіне қатысы бар 14 тұлға әртүрлі жаза түрлеріне кесіліп, мемлекет пайдасына 5 миллиард теңгеге жуық қаржы өндірілді» деп хабарлады Бас прокуратура.


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар