Алматыда жер сілкінісі байқалды

cover

Қырғызстандағы жер сілкінісі Алматыда сезілді, деп хабарлайды Orda.kz.

«7 маусымда Астана уақыты бойынша сағат 8.33-те ҚР ТЖМ сейсмикалық станциялар желісімен жер сілкінісі тіркелді», деп хабарлады Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығы. 

Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында Алматыдан 279 шақырым оңтүстік-батыста орналасқан.

«Алматыда есептік қарқындылық екі баллды құрады»,  деп нақтылады сейсмологтар.


Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар