Алматыда «Жасыл аула» акциясы: тегін көшет алуға болады
Фото: Орталық Қазақстан
Алматы қаласының Экология және қоршаған ортаны қорғау департаменті «Жасыл аула» акциясының басталғанын хабарлайды, деп хабарлайды Orda.kz.
30 наурыздан бастап қала тұрғындарынан көпқабатты үйлердің аулаларын және басқа да қоғамдық аумақтарды абаттандыру үшін жапырақты ағаш көшеттерін алуға өтініш қабылдануда. Көшеттер тегін беріледі.
Акция аясында бір адамға 20-ға дейін көшет бөлініп, өтініш беруші үш жыл бойына отырғызылған ағаштарды күтіп-баптау туралы кепілдік міндеттемеге қол қоюы керек.
Өтініш 2024 жылдың 9 сәуіріне дейін қабылданады. Осы мерзімнен кейін келіп түскен өтінімдер қабылданбайды.
Қатысу үшін келесі ақпаратты [email protected] электрондық поштасына жіберу керек:
• Бастамашы тұлғаның толық аты-жөні және байланыс деректері, көшет отырғызылатын жердің нақты мекенжайы;
• Жоспарланған отырғызу алаңының бірнеше фотосуреті (мамандар орынды бағалай алатындай панорамалық фотосурет болғаны жөн);
• Қажетті көшет санын көрсетесіз.
Көшеттерді тарату Алматы қаласы, Әуезов ауданы, Юрий Ким көшесі, 9 корпус («Эко Алматы» ЖШС) мекенжайы бойынша 13-14 сәуірге жоспарланған. Артынан отырғызылған көшеттердің фоторепортажын жіберу керек.
Қосымша ақпарат алу үшін Алматы қаласы Экология және қоршаған ортаны қорғау департаментінің жасыл қордың мониторингі және басқару бөліміне келесі байланыс телефондары бойынша хабарласыңыз: +7 707 546 1770, +7 727 390 41 17.
Жаңалықтар
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен
- Польшада жоғалған қазақстандық әйелдің мәйіті табылды
- Билік Қазақстан экономикасына 22,7 трлн инвестиция құйылғанын айтты
- Арыс ауданында жоқ малға субсидия алған әйел сотталды
- Иран Дубайдағы халықаралық қаржы орталығына шабуыл жасады
- Марқұм Әли Хаменейдің әйелі тірі
- Иран СІМ: Ормуз бұғазына мина қойып жатқан жоқпыз
- Астанада алғаш рет семсерлесуден Әлем кубогінің кезеңі өтеді
- Иранның жаңа көшбасшысы үндеу жасады: Иран кек алмай қоймайды
- 13 наурызда барлық өңірде күн жылы болады
- БҚО-да мемлекеттік мекеменің есепшісі бюджет қаражатын бәске тігіп жіберген