Алматыда сәулелі терапия орталығы ашылды

cover Фото: Pixabay

Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында заманауи Сәулелі терапия орталығының ашылуы онкологиялық көмек сапасын және науқастарға диагностика мен емдеудің озық әдістердің қолжетімділігін арттырады, деп хабарлайды Orda.kz  Денсаулық сақтау  министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Орталық «Қазақстан халқына» қорының қаржылай қолдауымен сатып алынған соңғы үлгідегі радиациялық аппараттармен – жаңа буынды желілік үдеткіштермен, сондай-ақ компьютерлік томографиямен жабдықталған.

Сәулелі терапияны қамтамасыз ету үшін елімізде 32 сәулелі құрылғы орнатылған, 6 томотерапия аппараты жұмыс істейді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар