Алматыда несиесін төлей алмаған әйел амалсыздан өзін өртемек болған

cover

Алматыда несиесін төлей алмаған 48 жастағы әйел өзін өзі өртеп жібермекші болды.

 Оның айтуынша мемлекеттік бағдарламамен қайта қаржыландыру үшін банк менеджерлері құжатты қабылдау уақытын созып жіберген. Әйел қарызын қайтармаса, банк сот арқылы жалғыз үйін тартып алады деп қорқады.

Бұл туралы  Orda.kz  31-арнаның «Информбюро» жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлады.

Венера Мырзажанова 2015 жылдан бері несиесін төлей алмай келеді екен. Ол 3 бала тәрбиелеп отырған жалғызбасты ана.  2006-шы жылдары 26 миллион теңге несие алған. Алғашында несиесін уақтымен өтеп отырған ол кейіннен анасы қайтыс болып, өзі ажырасыпты. Жалғыз өзіне кредит төлеу қиын болып, несиесін қайта қаржыландырғысы келеді. Алайда, кепілдікке қоятын үйі қайтыс болған анасының атында болғандықтан, біраз уақыт қажет болған. Қайта қаржыландыруға өтінім тек бірінші желтоқсанға дейін ғана қабылданады. 

— Біз банкрот болдық. Дүкеніміз бар еді. Ол жабылды. Менеджер қайта қаржыландыруға өтінім қабылдағаннан кейін кем дегенде екі аптада жауабы шығатынын айтты. Ал мен бірінші желтоқсанға дейін өтінім беріп үлгермесем, баспанамнан айрылып, балаларыммен далада қалатын түрім бар. Мен үйімнен айрылғым келмейді. Өзімді өртеп жіберуге де дайынмын!, – деді Алматы облысының тұрғыны Венера Мырзажанова.

Қаржы ұйымының мамандары ол кісінің құжатын тездетіп қабылдауға уәде берді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар