Алматыда мопедтегі 19 жастағы жігіт жол апатынан мерт болды

cover Фото: depositphotos.com

Алматыда бетон араластырғыш көлігі мен мопед соқтығысып, салдарынан 19 жастағы жігіт көз жұмды, деп хабарлайды Orda.kz.

Полиция департаменті ақпаратты растады. Жол апаты кеше, 18 наурыз күні сағат 20:50-де Қарасу шағын ауданында болған. 

Мопед жүргізушісі қиылысқа шығып кетіп, Howo жүк көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан 19 жастағы мопед жолаушысы мерт болды.

Полиция қылмыстық іс қозғағанын айтты. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Меркідегі балалардың улануына қатысты полиция қызмыстық іс қозғаған еді. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар